11:22, 20 Наурыз 2014 | GMT +5
Тұңғиыққа секірген каскадер аман қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық жарысушы Герлен Шишеридің автокөлікпен секіріп, әлемдік рекорд орнатпақ болған ниеті қайғылы аяқтала жаздады.
Каскадер өзінің «Шағын Куперімен» трамплиннен 110 метрге секірген кезінде жерге сәтсіз қонды. Трюк жасаған шақта машина капотымен жерге тіреліп, одан кейін бірнеше рет аударылып кеткен.
Бұл көрініске қарап, жаның түршікпеуі мүмкін емес. Алайда The Local хабарлауынша, Шишери айтарлықтай елеулі жарақаттар алмаған, аударылған көліктен өзі шыққан. Қазір ол ауруханада.
Каскадер Facebook парақшасында оның өнеріне тәнті жанкүйерлеріне өзін жақсы сезінетінін айтып, хабарлап та үлгерген.