Тұңғыш Президент күні дүниеге келген сәбилердің аналарына құрмет көрсетілді - ОҚО

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Жанар Бектаева аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Мірқадыров, осы бөлімге қарасты АХАЖ бөлімінің мамандарымен және БАҚ өкілдерімен бірге Тұңғыш Президент күні дүниеге келген нәрестелердің аналарын құттықтау үшін арнайы перзентханаға барды, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Аудандық орталық аурухананың бас дәрігері М.Бейсеуов пен перзентхана бөлімінің меңгерушісі А.Нұрлыбаев аудандағы бала туу көрсеткіші, аналардың денсаулығы туралы айтып берді. Мұнан соң бөлім меңгерушісі қонақтарды мереке күні қарсаңында жас босанған аналардың палаталарына бастап апарды. Аман-есен қол-аяқтарын бауырларына жиған аналардың көңіл-күйлері көтеріңкі. Қаннен-қаперсіз ұйықтап жатқан сәбилеріне елжірей қарайды. Тіл-көзіміз тасқа, сүп-сүйкімді Кәусар, Аят, Бақыт, Назым, Інжу есімді нәрестелердің денсаулықтары жақсы. Сәбилердің аналарына туу туралы куәлік салтанатты түрде тапсырылып, аналарына гүл шоқтары ұсынылды және сый-сияпат тапсырылды. Жанар Әлібекқызы жас аналарды құттықтап, сәбилерінің дені сау, жақсы азаматтар болып ержетуіне, келешектерінің кемелді болуына тілектестігін білдірді. Аналар аудан әкімдігінің осылайша елеп-ескеріп, арнайы құттықтап, құрмет көрсеткендеріне ризашылықтарын жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар