Тұңғыш рет қазақ тазыларының көрмесі республикалық деңгейде өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 6 қыркүйек күні Ақмола облысы, Аршалы ауданының Жібек жолы ауылында қазақ тазысы мен асыл тұқымды қазақы төбеттердің бірінші республикалық көрмесі мен байқауы өтеді. Игі шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.
None
None

Бұл шараның республикалық көлемде алғаш рет ұйымдастырылып отырғанын атап өту қажет. Жібек жолы ауылы Астана қаласының іргесінде, Астана-Қарағанды тас жолының бойында орналасқан. Қазақтың тазысы мен төбеттерінің асыл тұқымын сақтау, оларды насихаттау мақсатында өткізілетін осы ауқымды іс-шараны «Қансонар» аңшылардың қоғамдық бірлестіктері мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің республикалық қоғамдастығы Ақмола облыстық әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Осы шараға еліміздің барлық өңірінен қазақтың асыл тұқымды тазысы мен төбетін асырап отырған азаматтар қатысады. Сонымен қатар Ресей, Әзербайжан және Қырғыз елінен халықаралық сарапшылар қатысады деп күтілуде. Құрметті қонақ ретінде қоғам және мемлекет қайраткерлері, Парламент депутаттары, ұлттық спорт пен халықтық құндылықтарды қадір тұтатын азаматтар шақырылып отыр.

Бағдарлама бойынша электронды қоянды ұстау сияқты тазы иттердің жарысы өтеді.

Аталған шараның салтанатты ашылу рәсімі Жібек жолы ауылындағы «Намыс» стадионында 6 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.

Соңғы жаңалықтар