00:53, 25 Қараша 2015 | GMT +5
Тунистегі жарылыстан 12 адам ажал құшты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тунис астанасының орталығында автобустағы жарылыс салдарынан кемінде 12 адам опат болып, 16 адам жараланды, деп хабарлайды ТАСС.

"Президенттік күзет қызметкерлерін таситын автобустағы жарылыс салдарынан 12 адам мерт болып, 16 адам жараланды ", - деп хабарлады ел президентінің баспасөз хатшысы Моэз Сиануи.
Алдын ала мәліметтер бойынша автобусқа жарылғыш зат қойылған көліктегі лаңкес шабуыл жасаған.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасауда.