«Тур де Франс» көпкүндігінде «Астана» командасының намысын қорғайтын спортшылардың тізімі жарияланды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің спорт» сайтының мәліметінше, Қазақстан велоспорт федерациясының Бас хатшысы Валентин Рехерт «Тур де Франс» көпкүндігінде «Астана» командасының намысын қорғайтын велошабандоздардың тізімін жариялады. Олар мыналар: Александр Винокуров, Дмитрий Фофонов, Максим Иглинский, Андрей Зейц (барлығы Қазақстанан), Оскар Перейро, Даниэль Наварро, Бенджамин Новаль, Хесус Эрнандес, Давид де ла Фуэнте, Хосеп Хуфре (барлығы Испаниядан) және Андрей Гривко (Украинадан).
Айта кетейік, - «Астана» командасының капитаны Альберто Контадор «Тур де Франс-2009» көпкүндігінің жалпы есепте жеңімпазы атанды. Контадор жарысты 85 сағат 48 минут 35 секундпен аяқтап, басты қарсыласы люксембургтық Энди Шлектен 4 минут 11 секундқа, ал өзінің сол кездегі командалас серігі, «Тур де Франстың» жеті дүркін жеңімпазы - Лэнс Армстронгтан 5 минут 24 секундқа озып кеткен болатын.