Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 3,6% азайды
АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылғы тамыз айында тұрғын үйді алып-сату бойынша 35 807 мәміле тіркелген, деп хабарлайды ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының телеграм арнасы.
Статистикалық мәліметтерге қарағанда, 2026 жылғы шілдемен салыстырғанда (37 158) мәмілелер саны 3,6%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша Алматы (7 690 – 21,5%) және Астана (6 398 – 17,9%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 825 – 7,9%) көш бастап тұр. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген – 277 мәміле (0,8%).
2026 жылғы шілдемен салыстырғанда ең жоғарғы өсім Алматы (5,9%) қаласында, Қостанай (5,5%) және Қарағанды (5,1%) облыстарында тіркелді. Ең үлкен төмендеу Алматы (-21,1%), Атырау (-15,7%) және Жамбыл (-13,7%) облыстарында орын алды.
Осыған дейін жылжымайтын мүлік мәмілелерін рәсімдеу тәртібі өзгергені туралы жаздық.