Тұрғын үй-коммуналды шаруашылық саласында жаңа стандарттар әзірленіп жатыр
«2023 жылы әзірленуге жоспарланған құжаттардың жартысына жуығы әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған. Мәселен, ТКШ саласында көппәтерлі үйді күрделі жөндеу, тұрмыстық қалдықтарды жинау, әкету және басқа талаптарды белгілейтін 6 ұлттық стандарт әзірленеді», - дейді «ҚазСтандарттың» бас директоры Ғабит Мұхамбетов.
Стандарттар тізімі:
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Терминдер мен анықтамалар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Кондоминиум объектісін басқару қызметтері. Жалпы талаптар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі қызметтер.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күрделі жөндеу қызметтері. Жалпы талаптар
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Коммуналдық қызметтер. Жалпы талаптар.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметтері. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және әкету қызметтері. Жалпы талаптар.
Мысалы, «Көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкін басқару және күтіп ұстау жөніндегі қызметтер» стандартын әзірлеу МИБ төрағасымен жасалған шарт шеңберінде сервистік ұйымдар көрсететін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді және тұрғындармен құқықтық қатынасқа негіз болады.