Тұрғын үй-коммуналдық саланың қызметін реттеуге қатысты депутаттардың толықтырулары өте көп болды

АСТАНА. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Еліміздің қолданыстағы бірқатар заңдарына тұрғын үй-коммуналдық сала мәселелері бойынша толықтырулар енгізуді қарастырған заң жобасы екінші оқылымда талқыға салуға дайын.
None
None
Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті осындай қорытынды шығарып, аталған заң жобасын Палатаның қарауына ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Заң жобасы кондоминиум объектілерін басқару нысандарын жетілдіруге, қазіргі қолда бар тұрғын үй қорының жай-күйін күтіп-ұстауды және жаңартуды қаржыландыру тетігін айқындауға байланысты тұрғын үй-коммуналдық салада жүйелі қайта құрулар жүргізуге бағытталған. Бірінші оқылымдағы жұмыс барысында Азаматтық кодекстің жалпы бөліміне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне, «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Табиғи монополиялар туралы» және «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Заң жобасын екінші оқылымға әзірлеу барысында депутаттар Рауан Шаекиннен, Мұхтар Тінікеевтен, Тито Сыздықовтан, Рамазан Сәрпековтен, Тоқтарбай Қадамбаевтан, Сансызбай Есіловтен және Леонид Питаленкодан ұсыныстар түсті. Келіп түскен барлық түзетулер мүдделі мемлекеттік органдардың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобының отырыстарында жан-жақты қаралып, талқыланды және бас комитеттің қорытынды салыстырма кестесінде көрсетілді. Салыстырма кестеге депутаттардың 100-ден астам түзетулері енгізілген.
Соңғы жаңалықтар