Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы реформаға қатысты республикалық акция өтеді

АСТАНА. 11 мамыр. ҚазАқпарат -  «Тиімді меншік иесі» мен энергия үнемдеу  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты табысты жаңғыртудың негізі» республикалық акциясы өтеді.
None
None

Аталған шара тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы  реформаны ілгерілетуге бағытталып отыр.

«Елбасының ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында жүктеген, үйлерді басқару процесіне белсенді қатысатын және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының пайдасын іс жүзінде сезіне алатын «тиімді меншік иесін» қалыптастыру жөніндегі нақты міндеттерін орындау аясында өткізілетін, бұл кең ауқымды ақпараттық-насихаттық іс-шаралар аса үлкен маңызға ие. Бұл пәтер иелері, кондоминиум нысанын басқару органдары  арасында Қазақстан Республикасының тұрғын үй саясатын түсіндіруді, көп пәтерлі тұрғын үйлерді терможаңғырту мәселелері бойынша пәтер иелерін консультациялық қолдауды, энергия үнемдеу саясатын насихаттауды қарастырады», - делінген баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

Акцияның негізгі ерекшелігі мұндай шараға  - мемлекеттің жетекші саяси күші мен стратегиялық идеяларының генераторы - «Нұр Отан» ХДП, жоғары азаматтық рухты құрушы - «Қазақстанның Азаматтық альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі, ұтымды тұрғын үй қатынастарының форматоры - «Қазақстанның басқарушы және сервистік компаниялары қауымдастығы», сондай-ақ еліміздегі тұрғын үй реформаларының модераторы Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі күштері бірлесе жұмылып отыр.

Акция аясында 2012 жылғы мамыр айынан қараша айына дейін барлық облыс орталықтарында 10-н астам іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұдан басқа, шара барысында  тұрғын үй қатынастары субъектілері арақатынасына жүйелендіруді енгізу, тиімді басқару сұрақтарымен жұмыс жасау жоспарланған.

Сондай-ақ, халық арасындағы ақпараттылықты арттыру арқылы, оларды реформалау және тұрғын үй қатынастарының ұтымды моделін жылжыту процесіне белсене қатысуына жол ашпақ.

Соңғы жаңалықтар