Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз - Премьер-Министр

Бұл ретте Үкімет басшысы ең алдымен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін пайдалану қажеттігін ескертті.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту жұмыстары мүлдем қанағаттанарлықсыз жүзеге асырылып жатыр. Бұл жайында тіпті кез келген қазақстандық телеарналардағы бағдарламалардан-ақ байқауға болады», - деді Үкімет отырысында Серік Ахметов.
Осыған орай, Премьер-Министр аталмыш жұмысқа бизнес-құрылымдарды тартудың қажеттілігін атап өтті. «Бизнестің тәжірибесін осы салаға жұмылдыруымыз керек», - деді Үкімет басшысы.
«Жалпы, осы және басқа да бағыттар бойынша Өңірлік даму министрлігіне жұмысты белсенді ете түсудің қажеттілігін ескертіп өткім келеді. Соған орай, осы мәселемен сонау құрылыс істері жөніндегі агенттік құрылғаннан бастап айналысып келе жатқан Серік кеңесұлы Нокинге сөгіс жариялаймын», - деді С. Ахметов.