Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісіне бюджеттен 627 миллион теңге бөлінді

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық мәслихаты баспасөз қызметінің мәлімдеуінше тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісіне ағымдағы жыл бюджетінен 627 миллион теңге қаржы қарастырылып отыр,

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ісіне бюджеттен 627 миллион теңге бөлінді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Оның сыртында арнайы трансферт ретінде 600 миллион теңгеге жуық қаржы ескерілген. Соның нәтижесінде Көкшетау қаласының жылумен қамту жүйесі ретке келтіріліп, үш көше бойында жаңадан жылыту жүйелері тартылатын болады. Ерейментау қаласында бу қазандықтарын қайта жарақтап, күрделі жөндеу шаралары шешімін таппақ. Қомақты қаржы мамандар біліктілігін арттыру, қажетті технологиялық жабдықтар сатып алу, компьютерлендіру, «электронды әкімдік» ісін қалыптастыруға жұмсалады.