Тұрғын үй құрылысы бойынша сұраныс деңгейі едәуір жоғары

АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылы 6,2 миллион шаршы метр тұрғын үй тапсырылады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігінің төрағасы Серік Нокин мәлім етті.

«Биылғы жылы мемлекеттік бағдарлама, коммерциялық желі тұрғын үйлерін, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерді қосқанда 6,2 миллион шаршы метрді тапсыру жоспарланып отыр. Ал 2011 жылы 6,4 миллион шаршы метр пайдалануға беріледі»,- деді ол.

С. Нокиннің сөзіне қарағанда, 2013 жылдан бастап 7 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй тапсыру көзделіп отыр. «Біздіңше, біз әлі де сұранысты қанағаттандыратын деңгейге шыққанымыз жоқ. Атап айтқанда, сұраныс едәуір жоғары»,- деді агенттік басшысы.

«Дамыған елдерде бір адамға бір шаршы метр тұрғын үй салынады. Елімізде құрылыс қарқыны ең жоғары шекке жеткенде (2006-2007 жылдары) біз 0,52 шаршы метрді салдық. Бұл көрсеткіш бойынша екі есе қалыс келеміз. Қазіргі кезде 6,2 миллион шаршы метрді салып жатырмыз, ал бізде 16 миллион халқымыз бар. Яғни, сұранысты қанағаттандыру үшін бізде 2,5 есе көрсеткіш жетіспей тұр»,- деді С. Нокин.

Соңғы жаңалықтар