Тұрғындар денсаулық паспортымен қашан толық қамтамасыз етіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында алғашқы медициналық көмек шағын орталықтары ашылады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режимдегі отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Алғашқы медициналық көмек қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін халықтың тұратын жеріне барынша жақындатылған, соның ішінде тұрғын үй және офистік үй-жайлардың бірінші қабатында орналасқан алғашқы медициналық көмек шағын орталықтарын құру бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын енгізу кеңейтілуде. 2020 жылға қарай осы бағытта 60-тан астам жобаны іске  асыру жоспарлануда», - деді Елжан Біртанов.

Осы ретте министр үй жанындағы дәрігер жобасын іске асырудағы Астана қаласы әкімдігінің оң тәжірибесін атап  өтті. Бұл жоба тұрғын үй кешендерінің бірінші қабаттарында алғашқы медициналық көмек шағын орталықтарын ашуды көздейтіндігін айтты.

«Министрлік  осы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отыр. Қор арқылы жекеменшік, жекеше және топтық дәрігерлік практикаға одан ары қолдау көрсетілетін болады. Сонымен қатар, ағымдағы  жылы алғашқы медициналық көмекті цифрландыру аясында барлық медициналық ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңімен біріктіруге және ел халқының электронды денсаулық сақтау паспортының бірыңғай банкін қосуға мүмкінді беретін тұғырнаманы іске асыру жоспарланып отыр. Қазіргі кезде емханалардың медициналық ақпарат жүйелерінде 11 миллионнан  астам электронды денсаулық паспорты орнатылған. 2020 жылдың соңына дейін ел халқын электронды денсаулық паспортымен 100 пайыз қамтамасыз ету жоспарланған», - деді Елжан Біртанов.

Соңғы жаңалықтар