Түрік спортшысы Еуропаның үздік жеңіл атлеті атағына үміткер

АНКАРА. ҚазАқпарат - Түрік спортшысы Рамиль Гулиев Еуропаның тамыз айындағы үздік жеңіл атлеті атағына үміткер болып отыр. Бұл туралы Түркия Жеңіл атлетика федерациясы мәлім етті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Түрік спортшысы Еуропаның үздік жеңіл атлеті атағына үміткер

7-12 тамыз күндері Берлинде өткен жеңіл атлетикадан Еуропа чемпионатында Рамиль Гулиев 19,76 секундта 200 метрді бағындырып, жаңа рекорд орнатты.

Еуропаның үздік жеңіл атлеті атағына Түркия өкілінен тыс, мына спортшылар да үміткер:

Ерлер арасында - Арман Дюплантис (Швеция), Зарнел Хьюз (Ұлыбритания), Якоб Ингебригтсен (Норвегия), Коэн Нарт (Бельгия);

Әйелдер арасында - Дина Ашер-Смит (Ұлыбритания), Кристин Хуссонг (Германия), Лора Мьюр (Ұлыбритания), Екатерини Стефаниди (Грекия), Анита Влодарчик (Польша).