«Түрікмен әуе жолдарына» Еуроодаққа ұшуға тыйым салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа әуе қауіпсіздігі агенттігі (EASA) «Түрікмен әуе жолдарына» Еуроодаққа ұшуға тыйым салды, деп хабарлайды ВВС.
None
None

Агенттік ұшақтардың қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетінін тексеріп жатыр.

«Түрікмен әуе жолдарының» бірнеше мыңдаған жолаушылары Лондоннан Ашхабад арқылы Үндістанға ұшатын танымал рейстерін тоқтатқаннан кейін ұша алмай отыр.

Independent басылымының дерегі бойынша, түрікмен әуе компанияларына билет алған Үндістандағы 5 мыңға жуық адам осындай жағдайға тап болуы мүмкін.

Жолаушылар келтірілген залалды өтеу үшін әуе компаниясына байланысуға кеңес берілген. Ал билеттерді банк картасымен алғандар өз банктеріне баруы керек.

Соңғы жаңалықтар