Түрікмен ғалымдары түйе сүтінің өнімдерін өнеркәсіптік жолға қоюды көздеп отыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстанның Технология орталығы мал шаруашылығы және ветеринария институты мен дәрілік заттар жасау технологиясының зертханасы түйе сүтінен алынған жартылай фабрикатын өнімін алумен айналысуда, деп хабарлайды turkmenistan.gov.tm .
None
None

Орталық жабдығымен сүт негізінде құрғақ қоспа, агарана (қаймақ) және «Дойран» қышқыл сүтті сусын шығарылады. Жұмыстың мақсаты -экологиялық таза, пайдалы өнімдерді қалпына келтіру технологиясын әзірлеу. Оларды тұтынушыларға қолжетімді ету.

Қазір ғалымдар өнімнің құрамын, сақтау әдістерін зерттеуде, олардан сапалы, пайдалы қайта қалпына келтірілген өнімдер алынады.

Әзірлеме сәтті болған жағдайда ғалымдар кеңінен өнеркәсіптік салада игеру үшін пайдалануы мүмкін. Түйе сүтінен концентраттар нарықты дәмді, сұранысқа ие өнімдермен толықтыру, оны шетелге сату проблемасын шешуге жәрдемдеседі. Бұл түйе шаруашылығы саласын дамытуға қосымша инвестиция тартады.

Соңғы жаңалықтар