Түрікменстанда жер сілкінді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Түрікменстанда магнитудасы 5,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Еуропалық-жерортатеңіздік сейсмологиялық орталық хабарлайды, деп жазады ТАСС.
Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Ашхабад қаласынан солтүстік-батысқа қарай 144 шақырым жерде болған. Оның ошағы 6 шақырым тереңдікте байқалған.
Әзірге құрбан болғандар мен қираулар туралы ақпарат келіп түскен жоқ.