Туристер торға шырмалған жаралы арыстанды құтқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Африка Республикасының оңтүстік шығысында Мозамбикпен шекаралас жерде орналасқан Крюгер ұлттық саябағының рейнджерлері мен ветеринарлары «көмек сұрап» көшеде сенделген, торға шырмалған арыстанды құтқарды.
None
None

Жыртқыш аңның мұндай жағдайға ұшырағандығын сонда жүрген адамдар Facebook арқылы саябақ басшылығынан жеткізген.

3 қаңтарда осындағы жолдардың бірімен келе жатқан туристер тобының жанына әбден қиналған арыстан сұлап түскен. Екі саяхатшы әйел жаралы аңды суретке түсіріп, оны Facebookтегі саябақ парақшасына салған, деп жазады russian.rt.

Артынша рейнджерлер мен ветеринарлар оны тауып алды. Олар жолды жауып, арыстанды денесін шырмаған тордан шығарды. Жыртқышқа медициналық көмек көрсетіліп, баққа қайта жіберілді. Оның мойнын тілімдеген жарақат аса терең болмай шықты.

Соңғы жаңалықтар