Туристердің үштен бірі Ұлы Жібек жолы бойындағы елдерге барады

ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында Қырғыз Республикасы Үкіметі жанындағы Туризм жөніндегі мемлекеттік агенттік директоры Тұрысбек Мамашев осылай айтты.
«Әлемде жыл сайын 1 миллиард адам алыс-жақын шет елдерге саяхат жасайды. Олардың үштен бірі Ұлы Жібек жолы өткен елдерге барады. Бұл орта есеппен алғанда, 350 миллион адам. Егер Қазақстан мен Қырғыз Республикалары бұл саяхатшылардың 1 пайызын тарта алса, екі елдің туризм индустриясы үшін үлкен жетістік болмақ», дейді Т. Мамашев.
Қазіргі таңда екі елдің арасында шетелдік саяхатшылардың еркін жүріп-тұруына мүмкіндік жасалған. Мәселен, бір ғана Ыстық көлде 200-дей шипажай бар. Оның 20 пайызы - қазақ кәсіпкерлерінің пансионаттары. Жалпы «Алатау маржаны» деп аталатын Ыстықкөлдің бойындағы демалыс орындары күніне 30 мыңға жуық адамды қабылдай алады. Былтыр мұнда демалуға келген туристердің 60 пайызға жуығын қазақстандықтар құрады.