Туризм мен балалар спортын қолдау жөніндегі заңға өзгерістер енгізілді
АСТАНА. KAZINFORM — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туристік сала мен балалар спортын қолдау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
— Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік саланы және балалар спортын қолдау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, — делінген хабарламада.
Айта кетейік, заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.
Бұдан бұрын Тоқаев 2026 жылғы әскерге шақыру туралы Жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.