Туризм саласының маманы Олжас Шынтаев ТМД сыйлығын алды

Атап айтқанда, бұл халықаралық жүлде 2008 жылы Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Мемлекетаралық гуманитарлық ынтымақтастық қорымен бекітілген болатын.
2015 жылы сыйлыққа туризм саласының мамандары үміткер болды. Осы орайда Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, өкілдері байқау лауреаттары атанды.
Қазақстан тарапынан Miras Travel туристік компаниясының директоры, Оңтүстік Қазақстан облысының туризмді дамыту орталығының жетекшісі Олжас Шынтаев «Дебюттер достастығы -2015» сыйлығының лауреаты атанды. Ол бұған дейін «Қазақстан туристік саласының үздігі» атағымен марапатталған болатын.
Айта кетейік, жыл сайын «Дебюттер достастығы» сыйлығын гуманитарлық бағыттар бойынша құрылтайшылар анықтайды және ол жас мамандарға (35 жасқа дейін) табысталады. 2008 жылдан бері сыйлық ақындарға, мұғалімдер мен ғалымдарға, дәрігерлерге, тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау бойынша мамандарға, спортшылар мен бапкерлерге берілген.