18:56, 07 Қазан 2013 | GMT +5
«Туризм - таусылмайтын мұнай» - Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаи
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас хатшысы Талеб Рифаимен және ҚР Премьер - Министрінің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешовпен кездесті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Кездесу барысында Алматы өңірінде тау шаңғысы туризмін дамыту мәселесі кеңінен сөз болды. Қала әкімі Бүкіләлемдік туристік ұйымына Алматыдағы өткізетін конференция үшін алғыс айтты.
«Біз үшін туризмге қатыстының бәрі маңызды. Мемлекет басшысы біздің өңірде тау шаңғысы туризмін дамыту жөнінде алдымызға міндет қойған болатын. Қала үшін - бұл еңбекпен қамту, әрі бюджет кірісі», - деді Ахметжан Есімов.
Өз кезегінде бас хатшы Талеб Рифаи туризм саласында Қазақстанның болашағы зор екендігін атады.
«Сіздер өте дұрыс істі қолға алғансыздар. Туризм - таусылмайтын мұнай», - деді Талеб Рифаи.