Туризм және спорт министрлігі шағын және орта бизнесті дамыту мәселерін саралады
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Семинардың мақсаты Туризм және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Көлік және коммуникация министрлігі және барлық облыс әкімдіктерінің өкілдері бірлесе отырып, Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асыру бойынша іс-қимылдарды өзара үйлестіру болып табылады.
Мәселен, Туризм министрлігі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында туристік кластерлерді дамыту және халықаралық туристік орталықтарды құру жөніндегі серпінді жобаларды жүзеге асыруды Көлік және коммуникация ведомствосымен бірге қолға алатын болады. Туризм және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Қарлығаш Кәкеннің айтуынша, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізі маңында іске асырылатын бірнеше ірі туристтік жобалар еліміздің Үдемелі инновациялық-индустрияландыру бағдарламасында көрініс тапқан.
Семинар барысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойындағы инфрақұрылымдық нысандардың құрылысына инвесторларды тартып және қамтамасыз ету үшін Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарының әкімдіктері аталмыш нысандар үшін жер учаскелерін бөлу, құрылысты қаржыландыру, оларға инженерлік коммуникацияларды жасау мәселелерімен айналысуға уағдаластық білдірді.
Сонымен қатар, шара барысында қонақүй және туристік индустрияның кәсіби стандарттарын дамыту, «Даму» қоры арқылы туризм индустриясындағы кәсіпкерлікті қаржылық қолдау мәселелері бойынша ұсыныстар қабылдады.