Туризм және спорт министрлігі Үкіметтен алдағы Азия ойындарына қосымша 13 миллиард теңге бөлуді сұрады

А. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -Бүгін Астанада өткен алқа мәжілісінде Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтен алдағы қысқы Азиадаға қосымша 13 миллиард теңге бөлуді қолдауды сұрады,

Туризм және спорт министрлігі Үкіметтен алдағы Азия ойындарына қосымша 13 миллиард теңге бөлуді сұрады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сізден, биылғы жылғы бюджетті нақтылау кезінде 13 миллиард теңге көлемінде қосымша қаржы бөлуге министрлікке қолдау жасауыңызды сұраймын»,-деді министр Үкімет басшысына қаратып айтқан сөзінде.

Т. Досмұхамбетовтың сөзіне қарағанда, Азия ойындарын өткізуге қажетті жалпы қаржы ресурстары 28 миллиард теңгені құрайды. Бүгінде оның 15 миллиард теңгесін бөлуге қолдау жасалған.

Оның айтуынша, 7-ші қысқы Азия ойындарын тиісті деңгейде өткізу үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсету мен антидопингтік қадағалау, тамақтандыру, көліктік қызмет көрсету, Азия Олимпиадалық кеңесінің Ассамблеясын өткізуді, сондай-ақ басқа да шараларды қаржыландыру қажет.