Түркі әлемінің тарихында Ахмет Ясауи сияқты гуманистік, пәлсафалық негіздерді қалаған басқа тарихи тұлғаны айта алмаймын - ҚР ҰҒА Президенті

АЛМАТЫ. Наурыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Түркі халықтарының арасында ешуақытта дінге байланысты қақтығыс, соғыс болмаған. Бұл бүгін Алматыда өткен "Қожа Ахмет Ясауи мұрасы және қазіргі заманғы ислам мәдениеті" деп аталатын халықаралық ғылыми конференцияда айтылды,

Түркі әлемінің тарихында  Ахмет Ясауи сияқты гуманистік, пәлсафалық негіздерді қалаған басқа тарихи тұлғаны айта алмаймын  - ҚР ҰҒА  Президенті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қожа Ахмет Ясауидың шығармаларына арналған бұл конференция қазақ халқы үшін өте құнды. Оның себебі, ислам мәдениетінде, оның ішіндегі сопылық мәдениеттегі ағымды Қожа Ахмет Ясауи шығарған. Бүкіл түркі халықтарында дінге байланысты ешуақытта қақтығыс, соғыс болмады. Өйткені, сопылық философия бейбітшілікке ұмтылу, парасаттылыққа адамзатты ұмтылдыру, білімді жоғарылату, ғылымды жүргізу деген сияқты құндылықтардың бәріне арналған. Соған үн жағынан жол ашады. Сондықтан өте құнды", дейді ҚР ҰҒА Президенті Мұрат Жұрынов. Оның айтуынша, Ясауи мұрасын зерттеу түркі дүниесінің қарашаңырағындағы қазақ халқының бірінші міндеті. Әйгілі ғұламаның еңбектері, өмір жолы, істері бұған дейін бізге қарағанда Түркияда тереңірек зерттелді. Оған кеңестік жүйеде А. Ясауи мұраларының жабық болуы өз ықпалын тигізді. Бұл олқылық Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана түзеле бастады. Мәселен 1991 жылы Қазақстан аумағында 2-ақ университет болды (ҚазМУ мен ҚарМУ).

"Үшінші университетті - республикадағы халқы ең көп облыста университет ашу керек деп сұраған Оңтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің 1-ші хатшысы Терещенко мырза болды. ҚР Президенті оны Шымкентте емес, Түркістанда ашайық және оған Ахмет Ясауидің атын берейік деп ұсыныс жасады. Сондықтан ол алдымен Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік университеті деп аталды. 2 жылдан кейін ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ-түрік университеті деп өзгерді", дейді жоғары оқу орнының негізін қалап, дамытқан Мұрат Жұрынұлы.