Түркіменстан жағалауында тағы бір әзербайжандық мұнайшының денесі табылды

Әзербайжанның ТЖМ Каспий жағалауындағы елдердің құтқару қызметтеріне жіберген өтініші бойынша басталған іздестіру-құтқару жұмыстары нәтижесінде, «Курсор» кемесі Түркіменстан жағалауынан 65 шақырым қашықтықта ер адамның өлі денесін тапты.
Жақын маңайдағы «Топаз Легенда» атты түркімендік кемеге ақпарат жіберіліп, кейін кеме мұнайшының денесін Қияңлы портына жеткізді. Қайтыс болған мұнайшының киімінде «Әзербайжанмұнай» деген жазу бар болып шықты.
Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылы 4 желтоқсанда қатты дауыл кезінде су астындағы жоғары қысымды газ құбырына зақым келіп, оның салдарынан әзербайжандық SOCAR мемлекеттік компаниясына тиесілі «Гюнешли» кен орнындағы тұғырнама өртке оранған еді. Қолға алынған құтқару шарасы барысында 33 мұнайшы қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта құрбан болған тоғыз адамның денесі табылды, ал қалған 21 мұнайшы хабар-ошарсыз кеткендердің қатарында.