Түркістан қаласының тұрғыны тыйым салынған әдебиетті таратқаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды

ШЫМКЕНТ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының тұрғыны тыйым салынған әдебиетті таратқаны үшін 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
None
None

Облыстық прокуратураның хабарлауы бойынша, ер адамды Түркістан қалалық мешітінің жанынан ұстаған. Кешкі мезгілде ол қала адамына діни мазмұндағы дискіні сатуға тырысқан. Қадағалау органының мәліметтеріне қарағанда, сотталған адам "Хизбут-тахрир-әл-ислами" экстремистік тобының мүшесі болып табылған.


Аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 164, 337-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот айыпталушыға қатаң тәртіп колониясында өтеуге 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру үкімін шығарды.

Соңғы жаңалықтар