Түркістан, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты тағы да екі облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Түркістан, Қостанай облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 қаңтарда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, түнде солтүстік-батыстан 15-20 м/с күшті соғады.

12 қаңтарда Шымкент қаласында түнде тұман күтіледі.

12 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз бұрқасын болады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Сол күні Қостанай қаласында күндіз бұрқасын соғады, оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен тұрған желдің жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Еске сала кетсек, Батыс Қазақстан облысында 12 қаңтар күні ауа райының бұзылатыны жөнінде ескерту жарияланған болатын.