Түркістан облысында 170-ке тарта инвестициялық жоба жүзеге асырылуда

ТҮРКІСТАН.ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы республикалық және облыстық бюджет қаражаты есебінен 38,7 млрд теңгеге 169 инвестициялық жобаның құрылысы жүргізілді.
None
None

Бұл туралы бүгін облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тоқтар Үсіпәлиевтің сөзінше, жобалардың 71-і пайдалануға берілсе, қалған 98 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі. Ал, жобаларға қарастырылған қаражаттың басым бөлігі білім саласына жұмсалған. Атап айтқанда, 80 нысанның құрылыс жұмыстарына деп 17,9 млрд теңге бөлінген. Оның 39-ы ел игілігіне берілсе, 41-і ағымдағы жылы тапсырылады.

«Денсаулық сақтау саласы бойынша 5,8 млрд теңгеге 11 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 2-еуі осы жылы тапсырылып, 9 нысанның құрылысы жоспар бойынша аяқталуы тиіс. Ал, спорт саласына 1,262 млрд теңге бөлініп, 3 нысан бой көтерді. 202,7 млн теңге мәдениет саласына қаралып, 2 нысан салынды. Сондай-ақ, облыстық бюджет есебінен 59 млн теңге бөлініп, 2 нысанның құрылысы басталды. Нысандар ағымдағы жылға өтпелі», - деді басқарма басшысы.

Өңірдің бас құрылысшысы сондай-ақ 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарлама аясында 344,7 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланғанын атап өтті. Жалпы аумағы 387,8 мың шаршы метр болатын 3003 пәтер ел игілігіне тапсырылған. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 121,7 пайызға артық.
null

«Облыста әлеуметтік сала қызметкерлеріне арналған 32 екі қабатты тұрғын үй құрылысына 1 929,1 млн теңге қаржы қарастырылды. Бүгінгі таңда 13 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қалған баспаналар 2019 жылы пайдалануға беріледі. Ал, Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ-ы және жеке салушы арқылы көлемі 26,1 мың шаршы метр болатын 336 пәтерлі 6 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл ғимараттар 2019 жылдың 3-тоқсанынан бастап, «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады»,- деді Тоқтар Үсіпәлиев.

Белгілі болғандай, басқарма тарапынан биыл 39,6 млрд теңгеге 148 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Олардың 81-і ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, 67 нысан құрылысы келесі жылға өтпелі. Атап айтқанда, білім беру саласында - 69, денсаулық сақтау саласында- 4, ішкі істер органы - 2, тұрғын үй құрылысы бойынша - 62, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында - 10, қоршаған ортаны қорғау бойынша 1 нысанның құрылысы жүргізіледі.

Соңғы жаңалықтар