Түркістан облысында 4,5 мыңға жуық пәтер пайдалануға беріледі
Сондай-ақ облыстық бюджеттен осы мақсатқа 7,3 млрд. теңге қарастырылып отыр. Нәтижесінде 63 көпқабатты арендалық тұрғын үйдің (3353 пәтер, 229,1 мың ш.м.) құрылысы жүргізіледі деген жоспар бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, облыс орталығы Түркістан қаласында - 20 үй, Кентау қаласында - 15 үй, Сарыағаш ауданында - 13 үй, Түлкібас ауданында - 7 үй, Арыс қаласында - 3 үй, Жетісай ауданында - 2 үй, Шардара ауданында - 2 үй, Отырар ауданында - 1 үй пайдалануға берілмек.
Айта кетерлігі, республикалық және облыстық бюджет есебінен жыл қорытындысы бойынша 47 үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Бұдан өзге, «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша өткен жылдың басында 13 аудан, қала әкімдіктеріне 31 екіқабатты тұрғын үйге облыстық бюджеттен қаржы қарастырылған. Бүгінгі таңда 12 (124 пәтер) тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Қалған аудан, қала әкімдіктеріндегі 19 үй (190 пәтер) 2019 жылдың 1-жарты жылдығында пайдалануға тапсырылады.
Сондай-ақ, өткен жылы Түркістан қаласында «ӘКК Түркістан» АҚ-ы және жеке салушы арқылы 6 көпқабатты тұрғын үйдің (336 пәтер, 26,1 мың ш.м.) құрылысы басталған болатын. 2019 жылдың 3-тоқсанында аталған нысандар толық пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы халыққа ұсынылады.
Сонымен қатар, Түркістан қаласы, Отырар мөлтекауданында «Түркістан - жаңа қала» тұрғын үй кешендеріндегі аумағы 38 гектар жер телімінде 88 көпқабатты тұрғын үй бой көтереді. Ағымдағы жылы 44 тұрғын үй пайдалануға тапсырылып, барлық пәтерлер «7-20-25» бағдарламасы арқылы берілетін болады.
Жалпы алғанда Түркістан облысы бойынша 2019 жылы 4377 пәтер ел игілігіне тапсырылатын болады.