Түркістан облысында көлік ұрлауды кәсіп еткен ұры ұсталды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында 2,5 млн теңгенің машинасын ұрлаған күдікті ұсталды. Тексеру барысында оның бұған дейінде көлік ұрлығын жасағаны белгілі болды, деп хабарлайды Қазақпарат тілшісі.
None
None

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті Сарыағаш ауданындағы полицейлер жүргізген жедел-іздестіру шаралары барысында қолға түскен. Тінту барысында қалтасынан көліктердің құлпын бұзып, оңай ашатын құралдар табылған. Тергеу шараларының барысында оның бұрын да көлік ұрлығы қылмысын жасағаны анықталған.

Яғни, өткен тамыз айында жергілікті тұрғынның құны 1 млн теңгеден асатын «ВАЗ» көлігін айдап кеткен.  Қазіргі таңда сезікті уақытша тергеу абақтысына қамалып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Соңғы жаңалықтар