Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен, оның 6-ауы – бала

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында жыл басынан бері 10 адам суға кеткен. Оның ішінде 6 кәмелетке толмаған бала бар, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өткен жылы өңірде 37 адамның суға бату фактісі тіркелген. Оның ішінде 27 бала бар. Ал, кейінгі 7 жылда 328 адам суға батып кеткен. Оның да жартысынан көбі – кәмелет жасқа толмаған жеткіншектер.

Биыл жыл басынан бері облыста 10 қайғылы оқиға тіркеліп отыр. Бұл жолы да 6 баланы су ағызып әкеткен.

«Күннің жылынуына байланысты тұрғындар су айдындарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауы тиіс. Жас балаларды бақылаусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ, өзен арналарына барғанда және табиғатқа демалысқа шыққанда балаларды қастарынан алысқа жібермегені дұрыс. Үйде де балалардың өзенге жақын жерде ойнамауын қадағалау керек», - дейді Түркістан облысы Төтенгше жағдайлар департамент азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Б. Құрмаш.

Айта кетейік, осыдан біршама уақыт алдын Түркістанда жоғалған 11 жасар қыздың мәйіті каналдан табылғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар