Түркістан облысының Мақтаарал ауданында агроөнім көлемі 42 млрд теңгеге жетті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат - Түркістан облысындағы Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайды. Өткен жылдың қорытындысы бойынша аудандағы жалпы ауылшаруашылық өнімінің көлемі 42 млрд теңгеге жетті. Оның ішінде өсімдік шаруашылығы 32,2 млрд теңге, мал шаруашылығы 9,6 млрд теңге, ауылшаруашылық қызметі 278 млн теңгені құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Мақтаарал - ақ алтынның отаны. Жергілікті диқандар 60 926,3 гектар жерге егістік ексе, оның 38 593,2 гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 96 511,6 тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік 25 центнерді құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 центнерге артық.

Ресейлік және еуропалық кәсіпкерлердің сөзінше, әлемдегі ең тәтті қауын-қарбыз Мақтааралда өседі. Бұған дәлел, қауын-қарбыз тиелген 200-300-ге жуық көлік маусым кезінде күн сайын ТМД және Прибалтика елдеріне, Түркия, Германия және Мысырға жөнелтіліп отырды. Биыл мақталы өлкеде 316 366,5 тонна бақша өнімдері өндірілді. Сондай-ақ, мақтааралдықтар күріш өсіруді де шебер меңгерген. Биыл 9 104,4 тонна күріш қамбаға жиналды.

Ауданда ұзындығы 1140,2 шақырымды құрайтын 532 канал, жалпы ұзындығы 840,7 шақырымдық 288 су қашыртқысы жұмыс істейді. Сондай-ақ, жалпы саны 339 тік дренажды ұңғымалар бар.

Соңғы жаңалықтар