Түркістан: Жетісай ауданында кәсіпкерлік қарқынды дамуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының Жетісай ауданында сегіз айда өнеркәсіп өнімінің көлемі 5 млрд 206,1 млн теңгені құрады. Бұл, 2018 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 1 млрд 163,4 млн теңгеге артық. Осылайша, жылдық межеленген жоспар 2,6% артқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда аяқ киім, полиэтилен өнімдерін, синтепон талшығы және қарқынды баудан жемістерді өндірумен айналысатын жалпы құны 1 млрд 306 млн теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба іске асырылды. Жаңадан 400 жұмыс орны құрылды.

Одан бөлек, Жетісай ауданында шағын кәсіпкерлік саласы кең етек жайып келеді. Мәселен, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 2019 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдайы бойынша 15 286-ға жетті. Оның ішінде шаруа қожалықтар саны - 10156, дара кәсіпкерлер саны - 4190, заңды тұлғалар саны 940 құрады. Ал, жұмыс істеп тұрғандарының саны – 14818 бірлікке жетіп, жалпы тіркеудегі субъектілердің 97% құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар
telegram