Түркістанда басқарма басшысының орынбасары пара алды деп күдікке ілінді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Түркістан қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасарына қатысты тергеуді бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 
None
None

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, ол Кентау қаласының тұрғынын жеке кәсіпкер ретінде тіркеу және оған жеделдетілген патент беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін өз қызметтік бөлмесінде келісілген 60 мың теңге параның жартысын алды деп күдікке ілінді.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

Соңғы жаңалықтар