Түркістанда қазіргі заманғы медициналық орталық ашылды

ШЫМКЕНТ. Қаңтардың 29-ы. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің клиника-диагностикалық орталығы алғашқы пациенттерді қабылдап жатыр,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл нысан түрік тарапының қаржысына салынды. Жобаның құны ? 35 миллион доллар. Орталықтың стационарлық бөлімшесі 60 терапевтік және хирургиялық науқасқа есептелген. Заманауи диагностикалық, зертханалық, хирургиялық және басқа да жабдықтар сатып алынып отыр, дәрігерлер ол жабдықтармен жұмыс істеуді үйренді. Әзірге, бұл орталықтың қызметі ақылы. Бірақ жақын күндері 17 мың адамға тегін қызмет көрсету жөніндегі мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өтеді. Сондай-ақ балалар және пластикалық хирургияға да жеке квота бөлінбек.
Соңғы жаңалықтар