Түркістанда орналасатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағы 10 жылда құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Түркістан облысында құрылатын «TURAN» арнайы экономикалық аймағының аумағы кеңейтілмек. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған Үкімет қаулысында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«2043 жылға дейінгі кезеңге «TURAN» арнайы экономикалық аймағы (АЭА) құрылсын. «TURAN» арнайы экономикалық аймағы Түркістан облысының аумақтық шекарасы шегінде, қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес шекараларда орналасқан. АЭА аумағы Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады және 4622,39 гектарды құрайды. АЭА аумағының құрамына 6 субаймақ: 861,75 гектар тарихи орталық, 1578,64 гектар әкімшілік іскерлік орталық, аумағы 1000 гектар, 35 гектар және 180 гектар өнеркәсіптік аймақтар және 967 гектар әуежай кіреді», - деп жазылған Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысының жобасында.

Айта кетейік, аталған аймақты құру туралы шешім қабылданған уақытта оның жобалық аумағы 3987,39 гектар болып бекітілген. Енді ол 4622,39 гектарға дейін ұлғайтылмақ.

Сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ қызметінің басым бағыттарына да өзгеріс енгізілді. Енді аумақта мына жұмыстар атқарылады:

- туристерді орналастыру орындарын, санаторий және сауықтыру объектілерін мынадай шарттарды сақтай отырып салу және пайдалануға беру: салынып жатқан және пайдалануға берілетін объектілердің ойын бизнесімен байланысты емес, салу және пайдалануға беру жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес жүзеге асырылады;

- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, инфрақұрылым объектілерін, әкімшілік және тұрғын үй кешендерін салу және пайдалануға беру;

- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес, ауруханаларды, емханаларды, мектептерді, балабақшаларды, музейлерді, театрларды, жоғары және орта оқу орындарын, кітапханаларды, оқушылар сарайларын, спорт кешендерін салу және пайдалануға беру;

- жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес өндірістік және қайта өңдеу объектілерін салу және пайдалануға беру;

- құрылыс материалдарын өндіру;

- өзге металл емес минералды өнімдерді өндіру;

- дайын металл бұйымдарын жасау;

- жиһаз бен интерьер бұйымдарын жөндеу;

- электрондық және оптикалық жабдықты жөндеу.

Қаулы-жобасы 6 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады.


Соңғы жаңалықтар