Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркістан қаласының әкімшілігі ақын, публицист-жазушы Саттар Ерубаевтың 100 жылдық мерейтойына орай, «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасын өткізгелі отыр. Бұл туралы бүгін «Айқын» республикалық газеті хабарлап отыр.

Түркістанда Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай «Жалындап өткен жас ғұмыр» атты республикалық жыр мүшәйрасы өтеді

Жазба ақындардың респуб­ликалық жыр мүшәйрасы 2014 жылдың 10 қазанында Түркістан қаласының Ха­лық­аралық қазақ-түрік уни­верситінің Мәдениет сара­йында өтеді. Мүшәйраны өт­кізудегі мақсат - Саттар Ерубаевтың 100 жылдығына орай ақын - жазушының рухын тербетіп, халқының бақыты жолына арнаған өмірі мен шығармашылығын насихаттау, тіл мәдениетін көтеру, халық арасынан шыққан ерекше дарынды жастарды іздеп табу болып отыр. Ескерте кететін бір жайт, мүшәйраға 18-35 жас аралығындағы ақындар қатыса алады. Ол үшін жазба ақын­дар мүшәйраға бұрын еш жерде жарияланбаған екі өлеңін жіберуі керек. Мүшәйра ережесі бойынша бірінші өлең С.Ерубаевқа арнау, екіншісі, Түркістан туралы болуы шарт. Жас ақындар өлең­де­рін А4 форматты қағазда ком­пьютерде теріп, 2 дана етіп ұйымдастырушыларға ұсынады. Атап өтер бір жайт, шығармалар 8 шумақтан ас­пауы керек. Үміткерлердің шы­ғармаларын қазылар ал­қасы анықтап, жүлдегерлерді белгілейді.

Бағалау талаптары бо­йын­­ша жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықпен мара­патталады. Бірінші орын (біреу) -300,0 мың, Екінші орын - (біреу) 200,0 мың, Үшінші орын (екеу)-150,0 мыңнан, ар­найы жүлделер- (он) 20,0 х 10 д - 200,0 мың.

Үміткерлер шығармаларын 2014 жылдың 22 қыркүйегіне дейін Түркістан қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі­не тапсыруы тиіс. Ол үшін үміткерлер мынадай құ­жаттарын тапсыруы тиіс: Өтініші, шығармашылық мінездеме. Жеке куәлігінің көшірмесі, 9 х 14 түрлі-түсті фотосуреті, Үй және ұялы телефондары, шығармалары (2 дана). Мү­шәйраға қа­ты­сушылар құжаттарын тө­мен­дегі мекенжайға жіберулері тиіс: ОҚО, Түркістан қаласы, Есімхан алаңы, №1 Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық мәдениет үйі. Байланыс телефондары: 4-21-81, факс4-21-67,пошта:tur_madeniet@mail.ru.

«Қасиетті Түркістан то­пы­рағынан сыр шертіп, ар­ты­на өшпес із қалдырған, жа­­­лындап өткен жас ғұмыр сәттар Ерубаев туралы жыр­лағыңыз келсе, мүшәйраға қа­тысқаныңыз абзал. Іріктеуден өткен шығармалар байқауға қатыстырылып, арнайы кітап­шаға енгізіліп, баспадан шы­ғады», - делінген мақалада.