Түркістанда Тайқазанның елге оралуының 20 жылдығы атап өтілді

ШЫМКЕНТ.  Қазанның   2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/  -  Түркістанда   орта ғасырдан   бүгінге  жеткен   танымал  өнер  туындысы -  Тайқазанның      елге оралуының   20 жылдығы  атап өтілді.  

Түркістанда Тайқазанның   елге  оралуының   20 жылдығы атап өтілді

 Қалада  өткен  салтанатты шараларға тарихшылар,     мәдениет қайраткерлері,   жастар өкілдері   шақырылды.  

Әмір Темір тапсырысымен бұл қазан 1399 жылы  маусымның 25-де  (хижр. 801 жыл, 20-шауаль) Түркістан қаласының батысында, 27 шақырым жерде орналасқан Қарнақ елді мекенінде құйылған, салмағы екі тонна, сыйымдылығы үш мың литр.

1935 жылы қазанды Санкт-Петербордағы атақты мұражай Эрмитажға, Иран шеберлерінің III халықаралық конференциясына алып кетеді. Жарты ғасырдан астам уақыт сонда тұрған  Тайқазан 1989 жылы, қыркүйектің 18-де ғана елге  қайтарылды.

Бұл күнде Тайқазан ғасырлар бойы мемлекетіміздің жүрегі саналып келген, рухани астанамыз - киелі Түркістан қаласындағы әулиелердің сұлтаны Құл Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде, Қазақстан атты үлкен шаңырақтың берекесінің, тыныштығы мен бірлігінің нышаны қызметін атқарып тұр.