Түркістанды рухани астанаға айналдыру ұлттық мега жобасы Үкіметтік деңгейде қаралса игі - Ғ. Қасымов

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Түркістан қаласын рухани астанаға айналдыру ұлттық мега жобасы Үкіметтік деңгейде қаралса игі.
None
None

Бүгін Парламент Cенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Ғани Қасымов осы мәселені көтерді.

«Оңтүстік өңіріндегі киелі Түркістан қаласының ел өмірінде рухани маңызға ие екені баршаға мәлім. Өткен жылдың соңында осы өлкеге байланысты белгілі академик Оразалы Сәбденнің «Түркістан қаласын рухани астанаға (орталыққа) айналдыру» атты халықаралық ұлттық мега жобасы ұсынылып, баспасөз беттерінде жарияланды. Бұл халық арасында да үлкен қызығушылық туғызуда. Жобаның еліміз үшін үлкен маңызы бар деп есептеймін. Алдағы жылдары ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесін өткізуге дайындық жасап жатырмыз. Осыған байланысты біз көне Түркістанды жаңғырту арқылы мыңдаған шетел азаматтарына төл тарихымызды, рухани-мәдени құндылықтарымызды көрсетуге мүмкіндік алар едік», - дейді сауалында сенатор Ғани Қасымов.

Осы ретте депутат «Түркістан қаласын рухани астанаға (орталыққа) айналдыру» атты халықаралық ұлттық мега жобаны жүзеге асыру жолдарын Үкімет деңгейде қарауды сұрайды.

Соңғы жаңалықтар