Түркістаннан Нұр-Сұлтанға ауыл шаруашылығы өнімдері тиелген 40 камаз жолға шықты

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысының шаруалары Нұр-Сұлтанда өтетін жәрмеңкеге 500 тоннадан астам өнім жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тамыз айының 27-28 күндері Нұр-Сұлтан қаласында Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтеді.

Жәрмеңкеде құны 478 млн. теңгені құрайтын 500 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері арзандатылған бағамен сатылады.

Атап айтқанда, 113,5 тонна ет және ет өнімдері, 165,5 тонна көкөніс, 23 тонна картоп, 72 тонна сүт өнімдері, 69 тонна бақша өнімдері, 34 тонна жеміс-жидек, 8 тонна бал, 31 тонна жеміс шырындары мен консервіленген өнімдер, 11 тонна балық, 20 мың дана жұмыртқа және 2 тонна нан өнімдері сатылымға шығарылады.


Соңғы жаңалықтар
telegram