Түркістанның полиция қызметкерлері қылмыстық топты қолға түсірді

ШЫМКЕНТ. 5 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркістанның полиция қызметкерлері бірнеше қарақшылық шабуыл жасаған жергілікті тұрғындарды ұстады.

Түркістанның полиция қызметкерлері қылмыстық топты қолға түсірді

Осылайша тәртіп сақшыларына қарақшылық туралы ақпарат Жаңа жылға бірнеше күн қалғанда келіп түсті. Полицияға Түркістан тұрғыны арызданды, ол жекеменшік үйіне белгісіз біреулер түсіп, қарақшылық шабуыль жасағанын мәлім етті.

Жедел-тергеу тобы анықтағандай, шамамен түнгі 01.00-де медициналық маскаларды киген бірнеше белгісіз ер адам үйге баса көктеп кіре отырып, қоқан-лоқы көрсете отырып, 36 және 34 жастағы екі әйелді соққыға жыққан. Бұзақылар кейін жатын бөлмеден 100 мың теңгеге алтын зергерлік бұйымдарды қолды еткен.

Жүргізілген жедел-іздестіру шарасының барысында тәртіп сақшылары ізі суымай 3 күдіктіні ұстады. олар 1989 жылғы Түркістан қаласының тұрғындары болып шықты.

Қазіргі уақытта полицейлер олардың басқа ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтауда.

ҚР ҚК-нің 179 бабы (Қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде.