Түркия әуежайларындағы жолаушылар ағыны 165 миллионға жақындады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазан айында Түркияның ішкі әуе желісіндегі рейстер 0,8 пайызға өсіп, 80369-ға жетті, деп хабарлайды Анадолы агенттігі. 

2017 жылдың 10 айы ішінде транзитті есептегенде, Түркия әуежайларындағы жолаушылар ағыны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 10,1 пайызға артып, 164,77 миллион адамды құрады, деп хабарлайды Түркияның Мемлекеттік әуежайлары Бас басқармасы (DHMI.

DHMI мәліметтеріне қарағанда, қазан айында ішкі әуе желісіндегі рейстер  3, 6 пайызға -  80369,  шет елдерге рейстер 3, 6 пайызға - 54658-ге жетіп, өткен жылғы қазанға қарағанда 0,8  пайызға артқан.

Жалпы рейстер саны, оның ішінде қонбай ұшатындары (overflight) 3,6 пайызға - 172862-ге дейін өскен.

Бұдан басқа ішкі рейстердегі жолаушылар 8,3 пайызға - 9,747 миллион адамға дейін көбейген. Ал халықаралық рейстердегі жолаушылар ағыны 15,7 пайызға артып - 8,013 миллионға жеткен.

Атап айтқанда, қазанда жолаушылар ағынының жалпы саны өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 11,4 пайызға артып, 17,784 миллионды құраған.

Соңғы жаңалықтар
telegram