Түркия «Формула-1» кезеңін алты жылдан кейін қайта қабылдайды
АСТАНА. KAZINFORM — 2027 жылғы «Формула-1» әлем чемпионатының күнтізбесі жарияланды, деп хабарлайды Анадолы.
Түркия Гран-приі Ыстанбұлда 1-3 қазан аралығында өтеді. Бұл туралы Түркия автомобиль спорты федерациясы (TOSFED) мәлімдеді.
Алты жылдық үзілістен кейін «Формула-1» күнтізбесіне қайта енген Түркия Гран-приі 2027 жылғы 1-3 қазан аралығында «Истанбул Парк» автодромында ұйымдастырылады.
Кезең 1 қазан, жұма күні жаттығу жарыстарымен басталады. Ал 2 қазан, сенбіде іріктеу кезеңі өтеді.
Мәлімдемеде Түркия Гран-приіне билет алғысы келетіндер жарыстың ресми сайтында алдын ала тіркеле алатыны айтылған.
Сондай-ақ кезеңді ұйымдастыруға қатысты ресми ақпарат осы сайтта жарияланады.
Бұған дейін «Формула-1» Бахрейн Гран-приін Малайзияда өткізетінін жазған болатынбыз.