Түркия Иран уранын байытуға дайын
АСТАНА. Қарашаның 14-і. ҚазАқпарат - Түркия Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Иран уранын басқа аумақта жете байыту туралы жоспарын жүзеге асыруға атсалысуға әзір.
Елдің энергетика министрі Танер Йылдыз: «МАГАТЭ, осынау проблеманы шешуге біздің атсалысқанымызды қалайды. Біз келісеміз ол ұсынысқа «жоқ» демейміз. Біз бұл тығырықтан шығуымыз керек және Тегранның атом қаруын жасап жатқанына сенімді Батыстың күдігін сейілтуіміз қажет», деп мәлім етті. Бұл туралы «Азаттық» радиосы» хабарлайды.