Түркия Қазақстанның Есірткі бизнесімен күрес комитетінің бұрынғы төрағасын елге қайтару мәселесімен айналысуда - ІІМ

АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Түркия тарапы еліміздің Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес комитетінің бұрынғы төрағасы Асқар Исағалиевті Қазақстанға экстрадициялау мәселесімен айналысуда.
None
None

Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз осыған дейін көпшілікті хабардар еткенбіз. Қаржы полициясы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесімен күрес комитетінің қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғауға тыйым салу жөнінде қаулы шығарған болатын. Алайда прокуратура органдары бұл шешімнің күшін жойып, істі қарау мәселесін ішкі істер саласыныңөзіне жүктеген еді. Себебі Асқар Исағалиевтің қызмет тізімінде оның қаржы полициясы органдарында лауазымды қызметтерді атқарғандығы көрсетілген. Ал Ішкі істер министрлігі А.Исағалиевке қатысты жинақталған бірқатар материалдар негізінде және қызмет өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен қылмыстық іс қозғады. Сөйтіп жинақталған нақты дәлелдердің арқасында және осы дәлелдер бойынша құзырлы органдарға түсініктеме беруге келмегендігі ескеріле отырып, А.Исағалиевті тұтқынға алу жөнінде сот шешімі шығарылып, оған іздеу жарияланды», деді департамент бастығы.

Сондай-ақ оның айтуынша, өткен жылдың қазан айында Қазақстанның Интерпол ұлттық орталық бюросы оны тұтқынға алу және елге қайтару мақсатында халықаралық іздеу жариялаған. Осыған байланысты жүргізілген жедел іздестіру жұмыстарының барысында іздеу салынған азаматтың Ресей, Өзбекстан, Қытай, Гонконг, Израиль мен Италияда болғандығы анықталған. Сонымен қатар А.Исағалиевтің Түркия елінің аумағында бой тасалап жүруі мүмкін екендігі жөнінде мәліметтер болды. «Қаңтар айында аталмыш азамат Анталияда қолға түсті. Осыған орай еліміз тарапынан ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау жөніндегі материалдар жіберілді. Қазіргі таңда Түркия тарапы оны елге қайтару мәселесімен айналысуда», деді министрлік өкілі.

Соңғы жаңалықтар