Түркия консультация үшін Вашингтоннан елшісін шақыртып алды

АСТАНА. Наурыздың 6-сы. ҚазАқпарат - АҚШ Конгресі өкілдер палатасының сыртқы істер жөніндегі комитетінің «армяндар геноциді туралы» қарарды қабылдауына байланысты, Түркия Вашингтоннан өз елшісі Намык Танды шақыртып алды. Түркия премьер-министрінің кеңсесі осыған орай мәлімдеме жасады,

Түркия консультация  үшін    Вашингтоннан   елшісін  шақыртып алды

деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.

Құжатта, «жасамағанды жасады деп, Түркия халқын айыптаған» АҚШ Конгресі өкілдер палатасының шешімін Түркия үкіметінің айыптайтыны атап көрсетіліп отыр. «Бұл қарарды жақтаушылар, тарихи фактілерді және бұл проблемаға қатысты тарихшылардың көзқарастарындағы қайшылықтарды ескерместен, негізсіз, қате және саяси астары бар әрекетке барып отыр. Бұл шешімді айыптаймыз», деп мәлім етті премьер кеңсесінен.

Мәлімдемеде сондай-ақ, барлық шараларға қарамастан, комитет қабылдап отырған қарардың мемлекеттер арасындағы қалыптасқан қарым-қатынасқа зиянын тигізетіні атап көрсетілген.