05:22, 27 Маусым 2016 | GMT +5
Түркия президентін Голлуммен салыстырған блогерге сот ауыр жаза кесті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Рифат Четин есімді Түркия азаматын сот шешімі бойынша әкелік құқығынан айырып отыр. Түрік блогері әлеуметтік желілердің біріне ел президенті Ердоғанның сурет «Жүзік әміршісі» деп аталатын кинодағы Голлуммен қатар қойып, жариялаған болатын.

Бұл туралы muslim.kz жазады.
Түрік елінің заңы бойынша, президентке тіл тигізген жанды бас бостандығынан айыруға болады. Алайда, сот Рифат Четинге одан өткен ауыр үкім шығарып отыр. Шартты түрде бір жылға ғана сотталған Четин әкелік құқығынан айырылды. Сот шешімі бойынша ол, тіпті, қамқоршы да бола алмайды.