Түркия Су-24М ұшқышының денесін Ресейге табыстайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Түркия астанасы Анкарада қаза тапқан ресейлік ұшқыш Олег Пешковтың денесі ресейлік дипломаттарға табысталады.
None
None

Бұл туралы журналистерге Түркияның премьер-министрі Ахмет Давутоглу мәлімдеді, деп жазады Би-би-си.

«Біздің тарапқа шекараны бұзу оқиғасы кезінде қаза тапқан ресейлік ұшқыштың мәйіті берілген. Өткен түнде Хатайдағы православтық діндәрлар діни рәсімдерін жасады. Ұшқыштың денесі Ресей тарапының сұрауы бойынша оларға беріледі», - деді Давутоглу.

Еске сала кетейік, 24 қараша күні шекараны бұзған Ресейдің Су-24М бомбалаушы әскери ұшағын Түркия әскери әуе күштеріне тиесілі F-16C жойғыш ұшағы атып түсірген.

Соңғы жаңалықтар