07:30, 21 Қараша 2011 | GMT +5
Түркияда 30 миллион ресейлік жалған ақша тәркіленді
АСТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Ыстамбұлда полиция ресейлік жалған рубль ақшаларын басып шығарған 17 адамнан құралған қылмысты топты құрықтады. Оларға Ыстамбұл полициясының екі офицері басшылық еткен. Бұл туралы шетелдік БАҚ жариялады, деп хабарлады РБК агенттігі.
Қылмыскерлерді тінту кезінде олардан бесмыңдық купюрадағы 30 млн. рубльден астам ақша тәркіленген. Банкноттар Ресейге жөнелтуге әзірленген. Бүгінгі таңда сот сегіз банды қатысушыларын тұтқындады.
Естеріңізге сала кетейік, Ресейде бұған дейін көбіне 1 мың рубль купюрасындағы жалған ақшалар жасалып келді. Орталық банктің статистикасына сәйкес 2011 жылдың шілде, тамыз және қыркүйек айларында осы номиналдағы 19 мың 784 рубль жалған ақша анықталған.